БЖЗҚ анықтамасы енді eGov порталында қолжетімді |
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары электронды үкімет порталында инвестициялық кірісі көрсетілген зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпаратты ала алады. Анықтаманың жаңа түрінде салымшының зейнетақы жинақтарының жағдайы, жеке зейнетақы шоттағы қаражаттың қозғалысы, зейнетақы жарналарының түсуі, зейнетақы төлемдерінің жүзеге асуы, сондай-ақ инвестициялық кіріс туралы ақпарат бар. Бұрынғы ЗТМО электрондық анықтамасы салымшының зейнетақы шотындағы қозғалысты көрсеткен, бірақ онда инвестициялық кіріс көрсетілмеді. БЖЗҚ жаңа анықтамасы, соның ішінде салымшы белгілі уақыттың ішінде қандай кіріс немесе шығын алғандығын көрсетеді. Қызмет www.egov.kz порталы «Азаматтар» категориясы – «Әлеуметтік қамтамасыз ету» тарауы – «Зейнетақылық қамтамасыз ету» бөлімінде қол жетімді. Қызметті алу үшін электрондық цифрлық қолтаңба және электрондық үкімет порталында тіркелу қажет. Қызмет көрсету мерзімі 30 минуттан аспайды. БЖЗҚ ақпараттық жүйелері мен электрондық үкімет порталын біріктірудің басты мақсаты – бұл жинақ туралы барлық ақпаратты қадамдық қол жетімділікте алу мүмкіндігі. Енді әр салымшы өзінің зейнетақы жинақтауларын дұрыс бақылай алады.
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
|