виртуальная приёмная

Ясли-сад №14
logotype
deco
slide105
slide106
slide107
slide104
slide101
slide102
slide103
slide108
slide109
slide110
slide111
slide112

Добро пожаловать на сайт
Ясли-сада №14 "Ақбөпе" г. Нур-Султан!

Наш детский сад - уютный милый дом любознательных мальчишек и девчонок. Здесь они обучаются, воспитываются, реализуют свои творческие возможности. В саду создана атмосфера доброты и радости, чтобы каждый день, проведенный здесь, был ярким и запоминающимся для каждого ребёнка.

На страницах нашего сайта работает Гостевая книга, в которой Вы можете оставить своё мнение о работе детского сада, высказать пожелания и рекомендации, задать вопросы нашим сотрудникам.

Наш адрес: город Нур-Султан, улица Московская 29/4

Телефоны: 8 (7172) 39-37-49, 39-36-97

Инстаграм: akbope_14

С новым годом!

 
Кәсіподақ Біз сенімен біргеміз

АГЫБАЕВА РАУАН ИМАНБАЕВНА, кәсіподақ төрайымы

Балабақшамызда жыл сайын «Жаңа оқу жылына топтардың дайындығы» атты байқауы ұйымдастырылады. Байқау талаптарымен, критериелеріне сәйкес педагогтарымызды ережелермен таныстырып, нәтижеге сәйкес тиісінше сертификат түрінде сыйақы беріліп отырады. Жалпы алғанда кәсіподақ жұмысы өте қызықты, ауқымды дипломаттық тұрғыдан қарым- қатынас жасауды талап етеді. Түсінген адамға бұл таптырмас мүмкіндік. Заманауи талапқа сәйкес қазіргі XXI ғасыр адамы жан- жақты болуы тиіс. Бұл бүгіннің талабы. Кәсіподақтың арқасында біз:

• «Педагог мәртебесі туралы заң» қабылданды;
• Заң жағынан кез-келген сұрақтар бойынша сауаттылық;
• «Ұжымдық шарт» бір сөзбен айтқанда “бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып” отырған әріптестерімнің ауызбіршілігі;
• Қызметкерлерге қиын-қыстау кезінде қаржылай көмек берілуі;
• Жыл сайын санаторлық-шипажай емдеу және сауықтыру орталықтары, жылда кәсіподақ мүшелері жіберіледі;
• Әр мерекеде сыйлықтар;
• Кәсіподақтың арқасында іссапармен бару;
• Түрлі жарыстарға қатысу барысында, жаңа мүмкіндіктер, өрісіңді кеңейту;
• Түрлі онлайн-семинар, офлайн-семинарлардың ұйымдастырылуы;

Бір сөзбен айтқан, “Бір шаңырақ астындағы” тату-тәтті ұлттармен ұлыстардың қайнасқан, бірлескен, бақыт мекені.

Кәсіподақ біз сенімен біргеміз!

2021-12-23

 
Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл

WhatsApp Image_2021-12-18_at_20.15.26_1

 
СӘЛЕМ достар!

Мен сендермен өмірімде болған ең жағымды да әсерлі жаңалығыммен бөліскім келеді. 2021 жылдың 10 желтоқсанында, Алматы қаласында ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай "Тәуелсіздік – ел тұғыры" атты салтанатты шарасы өтті. Бұл үлкен шараға мен Нұр-Сұлтан қаласының "Әділет" кәсіподағының атынан Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының "Кәсіподақ қызметі туралы үздік бейнеролик" республикалық байқауына қатысып, III орын иегері болдым. МЕН үшін бұл үлкен жетістік, тосынсый десем де болады. "Әділет" кәсіподақ ұжымына, №14 "Ақбөпе" балабақшасы" МКҚК ұжымына АЛҒЫС білдіремін.

 
"Бір шаңырақ астында" фестивалі

2021-09-25

 

Қазақ қашаннан бауырмал халық қой. Әр кезеңде елімізден пана іздеп келген өзге ұлт өкілдерін бауырына басқан көпұлтты мемлекетпіз. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін! Барлығымыз туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде ел бірлігін сақтауға атсалысайық!

 
"Ана тілім - қазынам" өлең оқу челенджі

Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы

Н. Назарбаев

№14 «Ақбөпе» балабақшасында, 2021 жылдың 7 қыркүйгімен 24 аралығында «Ана тілім - қазынам» ұйым арасында мәнерлеп оқу байқауы (челендж) жоспарға сәйкес өткізілді.

Тіл – халықтың алтын діңгегі. Өзін-өзі білетін әр халық алдымен өзінің туған тілін сыйлап, мақтан тұта білуі керек. Өйткені халықтың даналығы, жырлары, шежіресі сол халықтың тілінде жазылады. Тіл – қай ұлтта болса да қастерлі, құдіретті ұғым. Ол әр адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл – халықтың жан, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі. Әр халықтың, ұлттың құрмет тұтар өз ана тілі бар. Менің ана тілім – қасиетті қазақ тілі. Қазақ тілі түркі тілдердің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. "Ана тілі – халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқынын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына",-деп Жүсіпбек Аймауытов ағамыз жазғандай, жерін, елін сүйген әрбір азаматтың ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек.