Референдум 2022 |
"Алдағы референдум әрбір азаматқа Қазақстанның болашағын айқындайтын тарихи оқиғаға тікелей қатысуға мүмкіндік береді"- деді президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев. 2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум туралы, мамыр айының 16 күні Нұр-Сұлтан қаласы, №14 "Ақбөпе" балабақшасы" МКҚК меңгерушісі Г.У. Джусупова мекеме қызметкерлеріне алдағы болатын мемлекеттік маңызы бар мәселені халықтың дауысқа салатынын және ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум жайлы толық әрі нақты ақпараттар берілді. Референдум – мемлекеттің ең маңызды мәселелерін халық болып шешудің басты тетігінің бірі. Сол арқылы әрбір әрекетімізді, атқарар істерімізді, еңсерер меже- міндеттерімізді өзара ақылдаса отырып, кемеліне келтіріп, жүйелі жүргізе аламыз. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ата Заңға өзгерістерді бүкіл халықтың талқысына шығаруы – ел болып қолдауға лайықты іс.
|