Нұр - Сұлтан қаласы әкімдігінің № 14 «Ақбөпе» б/б мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны тәрбиеші және музыка жетекшісі лауазымына конкурс жариялайды.
Тәрбиеші лауазымы бойынша:
1. Орыс тілінде оқыту және тәрбие беру - 3 педагог (1 ставка) 2. Мемлекеттік тілінде оқыту және тәрбие беру – 1 педагог (1 ставка)
Тәрбиешінің лауазымды жалақысы еңбек өтіліне және санатына байланысты – 102 000 теңгеден 145 000 теңгеге дейін.
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының тәрбиешісі Лауазымдық міндеттері:
- Балалардың денсаулығын сақтау мен қорғау қызметін қамтамасыз етеді: оларды оқыту мен тәрбие беруде денсаулық сақтайтын технологияларды қолданады;
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талабына, жас ерекшелік топтарының үлгілік оқыту жоспары бойынша оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асыра білу, пәндік-дамытушылық ортанын қалыптастырады, балалардың шығармашылығына (ойындық, танымдық, қозғалыс, көркемөнер, еңбекке баулу) жетекшілік ету.
- Балалармен жұмыс істеу кезінде жекелей және бағыттық әдісін іске асырады.
- Дамуында ауытқу байқалатын балалармен түзеу қызметі саласында еңбек ететін мамандармен бірлесе жұмыс жасайды, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу негізінде және топтағы балалардың жеке талаптарын ескере отырып тәрбие-білім беру жұмыстарын жоспарлайды.
- Тәрбиелеу мен оқыту қызметін қол жеткен жетістіктерді қорытындылай отырып жоспарлайды.
- Мүмкіндіктері шектеулі балалар мен қалыпты жағдайда дамып келе жатқан балалардың мектеп жасына жеткенде мүмкіндіктерінің тең дәрежеде болуын қамтамасыз ету үшін бірге тәрбиелеу және оқыту арқылы оларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады.
- Мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі әрбір баламен жеке жұмыс жүргізеді.
- Отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу жұмыстарының, авторлық шығармалардың негізінде педагогикалық қызметтің жаңа бағыттарын зерделеумен және оны жұмыс барысында қолданумен шұғылданады.
- Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту барысында ата-аналарға консультативтік көмек беруді іске асырады. Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды.
- Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.
Біліктілік санаттарына қойылатын талаптар:
- «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар немесе қайта даярлау курсынан өткендігін растайтын құжаттың болуы, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
- Біліктілігі жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-модератор және педагог-сарапшы үшін мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 3 жыл, педагог-шебер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
- Біліктілігі орта деңгейлі болған жағдайда мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі лауазымында жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 4 жыл.
Білуге міндетті:
- Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін;
- Психология және педагогика, алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын, санитарлық ережелерді;
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастырудың нормативтік-құқықтық құжаттарын.
Жұмысқа қабылдау құжаттары:
1. Жеке куәлік көшірмесі 2. Диплом көшірмесі (нотарилды куәләндырылған) 3. Еңбек кітапшасы 4. Наркологтан анықтама 5. Психиатрдан анықтама 6. Сотталмағандығы туралы анықтама 7. Каспий банкінен шот 8. Тегі өзгерген жағдайда неке қию куәлігі 9. Біліктілік санатын растайтын құжаттың көшірмесі 10. Санитарлық кітапша 11. Фото 3х4 12. Түйіндеме
|